<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Карл Густав Боберг</author>
<key>G</key>
<title>Ұлы Құдай, Әкелік мейіріммен РӘЖ35</title>
<lyrics>[V1]
. G                C
 Ұлы Құдай, Әкелік мейіріммен,
.   D              D7    G
 Сыйға тартып, нұрыңды төккенде,
 Өз қолыңмен Жаратушым жасаған,
 Бар тіршілік, әлемді көргенде.

[C1]
.      G      C                   G
   Тәңірім, сонда Саған рухым жырлайды:
.     Am   D7  G
   Ұлысың Сен! Ұлысың Сен!.

[V2]
 Аспанға, жұлдыздарға көз салсам мен,
 Ғажайып жарқын әлем жүзіне.
 Мұхиттағы кемедей жүзіп жүрген,
 Ай мен күнді әуеде көргенде.

[V3]
 Жаратылыс көктемде құлпырғанда,
 Жұпар иісі кеудеме толғанда,
 Бұлбұл әнін тоғайда естігенде,
 Бұлақтың сылдырын тыңдағанда.

[V4]
 Күн күркіреп, найзағай жарқ еткенде,
 Үстімізден қара бұлт төнгенде,
 Кемпірқосақ назарыма түскенде,
 Құнарсыз жерге жауын жауғанда.

[V5]
 Адамзатты сүйіп жер бетіндегі,
 Қайғы-қасіреттен құтқарғанда,
 Мейір төгіп, жасаған қасиетті,
 Істері туралы оқығанда.

[V6]
 Бұл дүниеде адамға үлгі болған.
 Мәсіхтің жуас жүзін көргенде,
 Айқышта кешірімін беремін деп,
 Бар әлемнің Патшасы өлгенде.

[V7]
 Жүрегімді құмарлық жайлағанда,
 Бар қайғы-мұң жанға батқанында,
 Мейіріммен басып Өз кеудесіне,
 Жылы сөзбен мені Ол жұбатар.

[V8]
 Иса мені Өзіне шақырғанда,
 Нұрын шашып, сәулесі жарқырап,
 Сонда рухым үн шығармай қалады,
 Ұлылығын Құдайдың мойындап.

[C2]
   Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі,
   Бұл қандай ұнамды да жарасымды!</lyrics>
<hymn_number>35</hymn_number>
</song>